Accessibility links

Грузин парламенті Ресейдің елдегі әскери базаларын шығару мәселесін талдауда


ТБИЛИСИ. Бүгін Грузия парламенті Ресейді грузин жеріндегі әскери базаларын қысқа мерзім ішінде көшіріп алып кетуге шақыратын қарардың жобасын қарап жатыр. Қарар жобасында егер 15 мамырға дейін әлгі базаларды шығарудың мерзімі туралы келісімге келмеген жағдайда, грузин үкіметі Мәскеуден әскери базаларын 2006 жылдың мамыр айының 1-не дейін алып кетуін талап ету керектігі айтылған. Басқаша жағдайда үкімет Ресей әскерилеріне виза беруін тоқтатып, олардың ел ішінде еркін жүруіне шектеу қоюға тиіс делінеді қарар жобасында.
XS
SM
MD
LG