ТАЯУ ШЫҒЫС. Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Дженин қаласының іргесінде Израиль әскері “Ислам жиһады” тобының өкілін атып өлтірді. Палестиндік экстремистке ақпанның 26-сында Тель-Авивтегі қастандыққа қатысы бар деген күдікпен іздеу жарияланған көрінеді. Ол жолы 5 израильдік қастандық құрбаны болған еді. Одан қаруын тастауды талап еткен кезде әлгі экстремист Израиль жауынгерлеріне қарсы оқ жаудырамын деп өзі оққа ұшқан.