Үкімет дайындаған заң жобасын наурыздың 28-інде бірінші оқылымда қарау туралы шешім бейсенбі күні өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданды. Депутаттардың айтуынша, заңға ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар күрделі емес. Ал, әділет министрі Оңалсын Жұмабеков толықтырулар сайлау заңдарын жетілдіруге бағытталғанын және бұл жобаның негізінен, өткен жылы қабылданған заңның қолданылуына талдау жұмыстарынан, парламент мәжілісі сайлауы қортындысынан туындайтынын айтады.
Қазақстанның әділет министрі Оңалсын Жұмабеков сайлау туралы заңда кейбір жетіспеушіліктердің бары анықталғанын, оны еңсеру жұмыстарымен Орталық сайлау комиссиясының және әділет министрлігінің айналысқанын және бірлескен жұмыс негізінде сайлау туралы конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулардың дайындалғанын айтты. Министрдің сөзінше, жобада сайлаушылардың және сенат пен мәжіліс депутаттығына кандидаттардың құқығын кеңейтуге байланысты мәселелер сөз болады.
Заң жобасында «сайлау алдындағы үгітті жүргізу мерзімі аяқталған сәттен бастап және сайлау қортындылары ресми жарияланғанға дейін кандидаттар немесе партиялық тізім ұсынған саяси партиялар ұйымдастырған митингілерді, шерулерді, демонстрацияларды және жария сөйлейтін сөздердің өзге де нысандарын жүргізуге, не бұлардың оларға қатысуына тыйым салынатыны, ал, митингілер, шерулер және демонстрациялар заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі» деген толықтыру енгізу көзделіпті.
Бұл толықтыруға байланысты депутат Серік Әбдрахманов мынадай пікір айтады:
- Қоғамда кейбір саяси күштер бар, олар өз шамаларын біледі - көп дауысқа, жеңіске жете алмайды. Сол себептен күнібұрын неше түрлі сары бояудағы әрекеттерді жасамақшы. Мысалы, Грузия мен Украинаның тәжірибесін, соларда болған оқиғаларды бізде қайталамақ. Сол себепті, бұл мәселені өте мұқият қарауымыз керек.
Ал, екінші шақырылымдағы парламент мәжілісінің депутаты болған Серікбай Әлібаевтің аталған толықтыруға байланысты пікірі өзгеше:
- Егер заңда аталғандай норма болса - онда халықтың өз наразылығын білдіруге мүмкіншілігі болмайды деген сөз.
Ал, екінші шақырылымда парламент мәжілісінің депутаты болған, заңгер Рамазан Сарпеков өткен жылы сайлау туралы заңға мынадай толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгенін айтады:
- Сайлау алдында үміткерлердің қандай да болсын бейбіт түрде шерулер өткізуіне, халықпен кездесуіне толық мүмкіндік жасау мақсатында, бұқарамен мейлінше кездесуге жағдай жасай отырып, барлық қоғамдық тәртіпті бұзбайтындай жағдайда болатын мысалы, шерулер, митингілер, әртүрлі кездесулер, билер, кештер өткізуге толығынан мүмкіндік жасалған норма қабылданған болатын.
Ал мәжіліс депутаты Ермек Абасов болса заңға енгізілетін өзгерістерде депутаттыққа кандидаттарға талап күшейтілсе деген пікір айтып отыр.