Accessibility links

Грузия парламенті республика үкіметі Ресейдің бұл елдегі екі бірдей әскери базасын жабу жөніндегі мерзімді белгілеуі керек деп шешім қабылдады


Бұл ұсынысқа 159 депутат түгел жақтап дауыс берді. Сонымен, Грузия парламенті өз елінің аумағынан алдағы жаңа жылға дейін орыс әскерінің толық құрамда шығып кетуін талап етіп отыр. Егер Батуми мен Ахалқалакидегі орыс әскери базалары жабылса, онда ресейлік әскерилерге виза берілмейді, олардың көліктері Грузия аумағында жүре алмайтын болады. Ал әзірге Ресей әскерлерінің таяу арада Грузиядан шығып кететін ойлары жоқ секілді.
XS
SM
MD
LG