Осыдан тура 12 ай бұрын – 2004 жылғы наурыздың 11-күні, Мадридтегі 2 пойызда жарылған бомбылардан 191 кісі қайтыс болған еді.
Жұма күні Мадрид маңайындағы Аточа пойыз бекетінде пойыздар, автобустар арнайы тоқтап, ол арадағы жұрт 5 минут үнсіздік жариялады. Марқұмдарға арнап гүлдестелер қойылып, шырақтар жағылды. Сондай-ақ, Испания астанасындағы шіркеулерде өткен жылғы наурыздың 11-күні бірінші бомбы жарылысы болған уақытқа сәйкес қоңыраулар шалынды.
Мадридте бомбы шабуылының 1 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық лаңкестікпен күрес мәселесіне арналған конференция аяқталды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?