Accessibility links

Ортақ пікір бойынша, Македонияда муниципалдық сайлау ойдағыдай өтті.


СКОПЬЕ. Үкімет пен оппозициялық партиялардың ортақ пікірінше, Македонияда жексенбі күнгі муниципалдық сайлау заңға сәйкес өтті. Сайлау құқы бар шамамен 1.7 млн. халықтың 50 пайызға жуығы дауыс беруге қатысып, жергілікті кеңестер мен қала әкімдерін сайлады. Бұл сайлау Македония үкіметі мен азын-аулақ албан халқының партизандары арасындағы жанжалды бітімге жеткізген 2001 жылғы келісімге сәйкес, аса маңызды қадам болып табылады.
XS
SM
MD
LG