Accessibility links

Иран елбасы Мұхамед Хатами өз елінің ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта екендігін дәлелдеу үшін халықаралық қауымдастықпен әріптестік орнатқысы келетіндігін тағы да қайталады


Бұл мәлімдемесін елбасы сенбі күні Венесуелаға сапары барысында жасады. Иранға экономикалық ынталандыру ұсыну, жөніндегі Еуропалықтардың ұсынысын АҚШ-тың да қолдайтындығын Мемлекеттік хатшы Кондолеза Райс ханым жұма күні айтқан болатын. Атап айтқанда, уранды байыту әрекеттерін тоқтатқан жағдайда Иранды Әлемдік сауда ұйымына мүшелікке қабылдайтындықтарын Райс ханым хабарлаған еді. Мұндай ұсынысқа байланысты сенбі күні Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Реза Асефи ешқандай қысым, пара берушілік немесе қорқыту Иранды “бейбіт ядролық бағдарламасын тоқтатуға мәжбүрлей алмайды”, деді.
XS
SM
MD
LG