Accessibility links

М.Хатами: “Бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын жүзеге асыру құқынан Иран бас тартпайды”.


ВАШИНГТОН. Жексенбі күні АҚШ-тың Fox телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының кеңесшісі Стивен Хэдли Иранмен арадағы оның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөз үрдісі жалғаса беретінін мәлімдеді. Жұма күні ресми Вашингтон Еуроодақтың Иранды өзінің уранды байыту бағдарламасынан бас тартуға ынталандыру жоспарын қолдайтынын мәлімдеді. Алайда сенбі күні Иран президенті Мухаммад Хатами: “Бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын жүзеге асыру құқынан Иран бас тартпайды”, -деп мәлімдеп, ол жоспардан бас тартты. Кеше (Келесі күні) Иранның сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Риза Азефи ядролық бағдарламаның БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде талданып, өзіне жаза қолдану туралы Қарар қабылдау мүмкіндігінен Теһран қорықпайды деп ескертті.
XS
SM
MD
LG