БЕЙРУТ. Жексенбі күні Ливанның оңтүстігіндегі Набатияһ қаласында Хезболлаһ қозғалысының жүздеген мың өкілі Америка Құрама Штаттарына наразылық, ал Сирияны қолдайтынын білдіріп шеруге шықты. Одан бұрын сейсенбі күні Ливан астанасы - Бейрутта Сирияны қолдайтын дәл осындай шеру болып өтті. Өз кезегінде Сирия БҰҰ-ының 1559-ыншы Қарары мен халықаралық қауымдастықтың талабына сәйкес, өз армиясын Ливаннан шығаратынын мәлімдеп үлгерді. Жексенбі күні БҰҰ-ының Таяу Шығыстағы өкілі Терье Род-Ларсен Бейрутта Ливан басшылығымен Сирия армиясын қоғамдық наразылық туғызбай шығарудың жоспарын талдады.