Accessibility links

Қырғыз оппозициясы парламент сайлауының екінші жаппай заңсыздыққа жол берілген деп мәлімдейді


БІШКЕК. Бүгін Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының кеше болып өткен екінші турының бастапқы нәтижесін жариялауға тиіс. Оппозиция мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері дауыс беру барысында жаппай заңсыздыққа жол берілген мәлімдеуде. “Демократия мен азаматтық қоғам” саяси бірлестігінің жетекшісі Еділ Байсалов сайлау барысында дауыс берушілерді сатып алған жайттар көп тіркелгенін хабарлады. Оның атап көрсетуінше, сайлаушылардың тобын бірнеше сайлау учаскесіне алып барып дауыс бергізген жайттар да байқалған. Мысалға, Хурсаб аймағында аталған саяси бірлестіктің бақылаушыларына шабуыл жасалған. Қазір ол тергелуде. Еділ Байсаловтың атап көрсетуінше, сайлаудың екінші турында өрескел заңсыздықтар әлдеқайда көп тіркелді.
XS
SM
MD
LG