Бейруттегі Сирияға қарсы шерулер Ливанның бұрынғы өкімет басшысы Рафиқ Хариридің өлтірілгеніне бір ай толғанына орай өткізілуде. Көптеген ливандықтар бұл өлім үшін Сирияны кіналауда. Сирия тарапы болса ондай айыптауларды жоққа шығарып отыр. Осы қазадан кейін елде Сирияның әскер күштерінің болуына қарсылық шаралары күшейіп кеткені белгілі. Жексенбі күні Набатие қаласында Сирияны қолдайтындардың жиыны болған-ды. Оған жарты миллиондай адам жиналған екен. Өз әскерлерін шығарып әкету жөніндегі жоспарды Сирия ұсынып отыр
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосына – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV