Accessibility links

Чешен сепаратистерінің жаңа лидері үзеңгілестерін тәуелсіздік үшін күресті жалғастыруға шақырды.


ГРОЗНЫЙ. Кеше чешен сепаратистерінің жаңа лидері Абдул-Халим Садуллаев чешендер Ресей күштеріне қарсы күресін ешқашан тоқтатпайды деп мәлімдеді. Чешен сепаратистерінің интернет-сайтында шыққан осы мәлімдемесінде А.-Х.Садуллаев: “Партизандар бейкүнә халыққа қарсы шабуыл жасамайды, бірақ Ресейден тәуелсіздік алу жолындағы күресінде соғыстың “Құдай қалаған” барлық амал-тәсілін қолданады деп атап көрсетті. Көпшілікке онша таныс емес Садуллаев – чешендердің Ичкерия республикасының президенті А.Масхадовтың өткен сейсенбідегі қазасынан кейін сайланды. Ол А.Масхадовтың ісін жалғастыруға уәде берді, бірақ оны өлтірген Ресеймен келіссөзге барудың еш қисыны жоқ деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG