Accessibility links

Ливанда Сириядан өз армиясын елден шығаруды талап еткен наразылық шеруі болып өтті.


БЕЙРУТ. Кеше Ливан астанасында жүздеген мың халық елден Сирия армиясын дереу шығаруды талап етіп шеруге шықты. Бұл наразылық шеруі экс-премьер Рафик Әл-Хариридің қастандықтан қаза болуынан тура 1 ай өткенде ұйымдастырылып отыр. Шеруге шыққан халық марқұмды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ливан оппозициясы Әл-Хариридің өлімі үшін Сирияны айыптап, ресми Дамаск оны жоққа шығарып келеді. Жексенбі күні Ливанның оңтүстігіндегі қалада керісінше Сирияны қолдаушылардың шеруі болып өткен болатын. Ал Сирия халықаралық қауымдастықтың қысымымен өз әскерін шығаруға міндеттенді.
XS
SM
MD
LG