БАҒДАД. Ирақтағы шийттер мен күрд көсемдері жаңа сайланған Ұлттық жиналыс сессиясының ашылуына дейін коалициялық үкіметті жасақтау мәселесімен өзара келіссөзін бүгін тағы да жалғастырмақшы. Шийттердің “Ирақтың біріккен одағы” бірлестігінің мүшесі Әли Әд-Дабағтың хабарлауынша, тараптар өзара келісімге келмеген күннің өзінде де 275 депутаттан тұратын Ұлттық жиналыстың сессиясын сәрсенбі күні ашу керектігіне екі жақты келісіп отыр. 30 қаңтардағы парламент сайлауында шийттер одағы мен күрд партиялары Ұлттық жиналыстағы орындардың үштен екісіне ие болып, өзара коалициялық үкімет жасақтауға уағдаласты. Бірақ 6 аптаға созылған келіссөзінде ортақ пікірге келе алмай жүр.
Ирақтағы шийттер мен күрд партиялары Ұлттық жиналыс сессиясын 16 наурызда ашуға келісіп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?