Accessibility links

Вашингтон Македониядағы сайлау көптеген заңсыздықпен өтті деген ЕҚЫҰ-ның қорытындысымен келісті.


СКОПЬЕ. АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучердің хабарлауынша, департамент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жексенбі күнгі Македониядағы жергілікті билік тетіктерін сайлауы негізінен әділ де тыныштықта өтті, бірақ көптеген заңсыздыққа жол берілді деген қорытындысымен келіседі. Еуропалық ұйым бақылаушылары миссиясының жетекшісі Джулиан Пил Ятстың атап көрсетуінше, “айтарлықтай және жаппай заңсыздық” сайлау барысына нұқсан келтірді. Еуропалық ұйымның бақылаушылары 10 пайызға жуық сайлау учаскесінде бюллетеньдерін толтыру кезінде, сайлау учаскелерінің төңірегінде және дауыс берушілерді қорқыту сынды заңсыздықтарды тіркеген.
XS
SM
MD
LG