Accessibility links

Р.Харадинаидің премьер-министрліктен кетуінен соң Сербияның Косово өлкесінде жаңа үкімет жасақталмақшы.


ПРИШТИНА. Бүгін БҰҰ-ының басқаруына қарайтын Косово өлкесінің жаңа үкіметін жасақтау мәселесін талдау мақсатында Еуроодақтың қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына жауапты өкілі Хавьер Солана осы өлкеде жүр. Рамуш Харадинаидің әскери қылмыстар бойынша Гаагадағы Халықаралық трибуналдың өзіне айып тағуына байланысты өткен аптада премьер-министр лауазымынан кетуінен кейін Косово үкіметін оның орынбасары басқарып келді. Дүйсенбі күні кешкісін Приштинаға келген бойда Х.Солана Харадинаидің кетуі Косоводағы тыныштықты бұзбайды деген үмітін білдірді.
XS
SM
MD
LG