Accessibility links

А.Ақаев (Қырғызстан): “...қоғамдық тәртіпті бұзғандар сөзсіз жазаға тартылады”.


БІШКЕК: Қырғызстан президенті А.Ақаевтың кеше мәлімдегеніндей, 75 депутаттан тұратын парламентті сайлау “осы жылдың ең маңызды саяси оқиғасы болды”. Сайлаудың соңғы - екінші туры осы жексенбіде болып өткен болатын. Алайда президент А.Ақаев парламент сайлауына наразылық білдіріп, елдің батысындағы Талас және оңтүстіктегі Жалалабад пен Үзген қалаларының әкімшілігін басып алып, қоғамдық тәртіпті бұзғандар сөзсіз жазаға тартылады деп ескертіп, осы 3 қаланың тұрғындарын ұстамдылық пен сабырлыққа шақырды. Талас қаласында наразылық шеруіне шыққан халық облыс әкімін кеш бойы кеңсесіннен шығармай ұстады.
XS
SM
MD
LG