Accessibility links

Р.Әл-Хариридің (Ливан) қазасын тергеудің нәтижесі алдағы аптада БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде тыңдалады.


БЕЙРУТ: БҰҰ-ының тергеушілер ұжымы Ливанның экс-премьер-министрі Рафик Әл-Хариридің қастандықтан қаза болуының жай-жапсарын тергеуін аяқтады. Ирландиялық, мысырлық және марокколық тергеушілер мен жарылғыш заттар бойынша швейцариялық маман тергеудің қорытындысын Нью-Йоркте БҰҰ-ының бас хатшысы К.Аннанға баяндауға тиіс. Тергеудің ақырғы қорытындысы БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде келесі аптада талданады деп күтілуде. Ливан оппозициясы Әл-Хариридің өлімі үшін Сирия мен оны қолдайтын Ливан үкіметін айыптап келеді. Халықаралық қауымның қысымымен Сирия өз армиясы мен барлау қызметін Ливаннан шығаруға кірісті. АҚШ президенті Дж.Буш Ливандағы “Хезболлаһ” қозғалысын террористік ұйым еместігін дәлелдеу шін қаруын тастауға шақырды.
XS
SM
MD
LG