Accessibility links

Бүгін Израиль армиясы Иерихон қаласын Палестина күштерінің қадағалауына тапсырады.


ИЕРИХОН: Бүгін Израиль армиясы Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Иерихон қаласын тастап шығып, қаладағы қауіпсіздікті қадағалау Палестина күштерінің құзырына өтуге тиіс. Израиль мен палестиндік қауіпсіздік күштерінің басшылары жоспарланған осы шараны ойдағыдай жүзеге асыру үшін кеше өзара ұзақ ақылдасты. Келісімге сәйкес, Иерихон толығымен Палестинаның құзырына өтеді, ал Израиль армиясы осы қалаға алып келетін жол бойында тексеру-күзет постын қалдырады. Израиль премьері А.Шарон мен Палестина президенті М.Аббастың ақпан айындағы келіссөзі бойынша, Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы 4 қаланы Палестинаның қадағалауына беруге тиіс. Кеше М.Аббас Палестинаның экстремистік топтарымен келіссөз өткізіп, оларды Израильмен арадағы бейресми бітімді орындауға шақырды.
XS
SM
MD
LG