Accessibility links

Қырғызстан президенті А.Ақаев парламенттік сайлау кезінде үкіметтік ғимараттарды басып алған наразы топта болған азаматтар заң жүзінде жазаланады, деп ескертті.


- Бір қатар аудандарда қоғамдық тәртіпсіздіктер ұйымдастыруда қатысып күрделі жағдай қалыптастырған азаматтар әділ соты алдында жауап береді. Мен әсіресе, Талас, ЖалалАбад және Өзгендегі қауымды ақылға шақырып, тыныштануларын талап етемін, - деген президент А.Ақаев. Ал АҚШ мемлекеттік департаментінен өкіл Адам Ерели, Қырғызстандағы парламенттік сайлау халықаралық демократиялық талап кеңгейінде өтпеді, деген Еуропалық бақылаушылардың бағасымен АҚШ та келіседі, деді.

Дегенмен Адам Ерели, Қырғызстан әкімшілігінен, ереуілдетіп жатқан наразы қауымға орай бейбіт келіссөздер өткізуге шақырып отыр. Сондай-ақ АҚШ мемлекеттік департамент өкілі ол сайлауда орын алған келеңздік, заңсыздық жағдайын зерттеп ақиқат-шындықты ашу қажет дейді.
XS
SM
MD
LG