Accessibility links

Хорватияның Еуропа одағына кіруі жөніндегі келіссөздер кейінге қалдырылды.


Оған Хорватияның соғыс қылмыскерлерін дер кезінде тұтқындап заң орындарына тапсырмағандығы негізгі кедергі болып тұр. Енді Брүсследегі ертең болатын бас қосуда ЕуроОдақ сыртқы істер министрлері Хорватияның өз мойнындағы шарттарды орындауы жағдайын талқыламақ.

Хорватия бас министрі Санадер сейсенбі күні Брүсселге шұғыл түрде ұшып келіп, ЕуроОдаққа Хорватия халықаралық трибуналмен өзара келіскен шарттарды толықтай орындады деп сндірмек болды. Бірақ соғыстық қылмыс бойынша бас прокурор Карла дел Понтье, Хорватия әкімшілігі сербтермен болған соғыс кезіндегі қылмыскерлерді ұстауда өз міндеттерін түгел орындай алмады, деді.
XS
SM
MD
LG