Accessibility links

Ливаннан 14 мыңдық Сирия әскерінің кем дегенде 4 мыңы елге оралды, қалғаны Ливанның Бекаа жазығына көшірілді.


БЕЙРУТ: Кеше Ливанның қауіпсіздік күштерінің өкілі хабарлағандай, Сирияның Ливандағы 14 мыңдық қолының кем дегенде 4 мыңы Сирияға қайта оралды. Оның атап көрсетуінше, қалған 10 мыңдай әскер Ливанның шығысындағы Бекаа жазығына көшірілді. БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан Сириядан Ливандағы әскери күштерін осы елде мамыр айында өтетін сайлауға дейін алып кетуін талап етті. БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің өткен жылы қабылдаған Қарарына сәйкес, Сирия Ливаннан өз армиясын толық шығаруға тиіс.
XS
SM
MD
LG