Accessibility links

Голландия кәсіпкеріне соғыс қылмысы мен геноцидке қатысты деген айып тағылуда.


Бүгін Нидерландыда Саддам Хусейінге ядролық қару жасайтын химиялық заттарды сатты деп айыпталған голландиялық кәсіпкер сот алдына келтірілді.

Франс ван Анраатқа бұрынғы Ирақ жетекшісіне химиялық қарулар жасалатын ондаған мың тонна шикізаттар сатқан деген айып тағылған. Ирақ бұл химиялық қаруларды 1980-88 жылдарда Иранға қарсы соғыста және Ирақ күрдтеріне қарсы қолданған. 1988 жылы Халабия қаласына шабуыл жасалғанда шамамен 5 мыңдай адам құрбан болған.

Анраат соғыс қылмысына, геноцид жасауға қатысты деп айыпталып отыр. Ол өткен жылы желтоқсан айында Амстердамдағы үйінде тұтқындалған болатын. Бүгінгі болған алдын-ала сот тыңдаулары, ал басты сот процесі қараша айында басталуы тиіс.
XS
SM
MD
LG