Accessibility links

Ливан президенті Сирияға қарсы оппозицияны келіссөздерге шақыруда.


Бүгін Бейруттың шығыс жағында орын алған жарылыстан кейін, Ливан президенті Эмил Лахоуд Сирияға қарсылық білдіруші оппозицияны және лоялды саяси қайраткерлерді тікелей келіссөздерді тезірек бастауға шақырды.

Жарылыста бірнеше адам жараланып, тұрғын үйдің бірінші қабаты зақымданған, сол маңайда тұрған көліктер қираған. Президент Лахоудтың кеңсесінен берілген мәлімдемеде диалогтарды бастауға есік әрдайым ашық делінген.

Алайда оппозиция жетекшілерінің бірі Уалид Жамблатт президент шақыруына жауап бере келіп, оның орнынан кетуі турасындағы талапты қайта жаңғыртты. Жамблатт егер президент биліктен кетпесе, оппозиция басшылары үкіметке қосылмайды деп айтқан.
XS
SM
MD
LG