Accessibility links

Бүгін Ирақта төрт полиция, бір американ солдаты қаза тапты.


Полция капитаны Ахмед Шинранидің айтуынша, Киркук қаласында шабуыл жасағандар жұмысқа кетіп бара жатқан полицияларға автоматтан оқ жаудырған. Кейінірек бір күн бұрын қаза болған полицияны жерлеу рәсімі кезінде жарылған бомбадан үш полиция опат болған.

Киркук полициясы басшысы тағы жеті адам жараланды деп айтқан. Бүгін Бағдадта бір американ солдаты опат болды.

Токиода бүгін мыңдаған адам шеруге шығып АҚШ-ң Ираққа кіргенінің екі жылдығы қарсаңында Ирақ соғысына деген өз наразылықтарын танытқан. Америка Саддам жүйесін құлатуға әкелген Ирақ соғысын 2003 жылы 20 наурызда таңертең ертемен Бағдадты бомбалаудан бастаған болатын.
XS
SM
MD
LG