Ол президент Виктор Ющенкомен кездесіп, екі елдің қарым-қатынасы турасында келіссөздер өткізді. Ресей басшысы сондай-ақ Украина үкімет басы Юлия Тимошенкомен және Парламент спикері Володимир Литвинмен де кездеседі.
Талқыланатын маселелер қатарында Украина, Беларус пен Қазақстан және Ресей арасындағы экономикалық одақ құру мүмкіндігі туралы да сөз болуға тиіс. Ресей бұл келісімдерге оң қарағанымен де, Ющенко егер Украинаның Еврордаққа мүшелігіне қауіп тудыратындай болса, бұндай ынтымақтастыққа оншалықты ықыласты емес екендігін танытқан.
Өткен жылғы "қызғылт-сары" төңкерістен кейін билік басына келген Украина президентінің батыстық бағытты ұстанатындығы байқалады. Дегенмен де ол Ресеймен арадағы дәстүрлі байланыстарды да сақтауға тырысады. Ресей- Украинаның ең үлкен сауда әріптесі.