ПЕКИН: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Үндістан, Пәкістан, Жапония және Оңтүстік Корея сынды Азия елдеріне тұңғыш сапарын Пекиндегі келіссөзімен бүгін аяқтайды. Кәрей демократиялық Республикасын оның ядролық қару бағдарламасы бойынша 6 жақты диалогқа қайта шақыру мәселесі оның Пекиндегі Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея өкілдерімен келіссөзінің ең басты тақырыбы болды. Пекинде К.Райс: “Егер Солтүстік Корея келіссөзге оралудан бас тарта беретін болса, АҚШ оған халықаралық қысым жасаудың өзге жолдарын қарастырып көруі ықтимал”, -деп ескертті. Өйткені, деп атап көрсетті АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы, бұл проблема бір АҚШ-ты ғана емес, осы аймақтағы басқа елдерді де алаңдатып отыр”.