Accessibility links

С.Эракат (Палестина): Израильдің еврей қонысын кеңейту жоспары “Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзді қайта жаңғырту іс-әрекетін жоққа шығарады”.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Бүгін Палестинаның өкілетті өкілі Саиб Эракат Израильдің Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврейлердің Маале-Аджумим қонысын кеңейту жоспарына үзілді-кесілді наразылық білдірді. Оның мәлімдеуінше, Израильдің Маале-Аджумим атты еврей қонысы мен Шығыс Иерусалимнің арасына 3.5 мың тұрғын үй салу жоспары “Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзді қайта жаңғыртуға бағыталған барлық іс-әрекетті жоққа шығарады”. С.Эракат БҰҰ-ы, Ресей, АҚШ және Еуродақты Палестинаны қолдауға шақырды. Израильдің мұндай жоспары туралы әзірше ресми хабар жоқ, ол жайында Израиль баспасөзі хабарлады.
XS
SM
MD
LG