Accessibility links

“Хьюман райтс уотч”: “Соңғы 5 жылда Чешенстанда 3 мыңнан көп адам хабар-ошарсыз жоғалды, бұл - адамзат баласына қарсы қылмыс”.


СТРАСБУРГ: Бүгін Францияның Страсбург қаласында Еуроодақ пен Ресей өкілдерінің қатысуымен Чешенстандағы ахуалға арналған “дөңгелек үстөл” өтіп жатыр. Оған Чешенстан президенті Алу Алханов бастаған делегация келді. “Дөңгелек үстөл” жұмысына атсалысып жатқан Ресей мен халықаралық адам құқын қорғайтын бірнеше ұйымы оған чешен сепаратистерін де қатыстыру керек деп талап етті. Одан бұрын адам құқықтары бойынша халықаралық “Хьюман райтс уотч” ұйымы соңғы 5 жылда Чешенстанда 3 мыңнан көп адам хабар-ошарсыз жоғалды, бұл адамзат баласына қарсы қылмыс болып табылады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG