Accessibility links

Лаңкестік топтар атомдық материалдарды ұрлауы мүмкін, дейді ЕлБарадей мырза.


Халықаралық Атом энергиялық агенттігі басшысы Мұхамед ЕлБарадейдің айтуынша, радиоактивті материалдардың лаңкестер қолына түсуіне жол бермеу ісінде әлем басшылары уақыт ұттырып алмауы тиіс. Парижде болған Азаматтық атом қуаты бағдарламасы конференциясында сөйлеген сөзінде ол террорлық топтардың атомдық заттарды ұрлауы мүмкін, деген ойын айтты. Бұл басқосудан бұрын ЕлБарадей мырза “аймақтық қауіпсіздік тек еуропалықтардың ғана шаруасы емес. Сондықтан Иран елі өз бағдарламасына байланысты АҚШ тарапының да сенімді көзқараста болуын қамтамасыз етуі тиіс”, деген болатын.
XS
SM
MD
LG