Accessibility links

Танаев: Оппозиция құрылымды қалпына келтірмейінше, билік олармен келіссөз өткізбейді


Қырғыз президенті Асқар Ақаев елде тынышсыздық туғызған даулы парламент сайлауының қорытындылары жарамсыз деп танылмайды деді. Жаңа парламент кеше бірінші сессиясын өткізді, онда президенттің ұсынысы бойынша елде төтенше жағдай жариялау жөнінде шешім қабылданды. Қырғыз үкіметбасы Николай Танаев билік оппозициямен келісім өткізбейді деп айтты парламентте:

- Олар осыған дейін болған құрылымды қайта қалпына келтірмейінше, біз олармен келіссөздерге жүрігзуге стол басына отырмаймыз.

Ал бұл аралықта Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Дмитриж Рапел, Грузия президенті Михаил Саакашвили Қырғыз президентіне бұл саяси тығырықтан шығуға көмектесейік деген ұсыныстарын айтқан.

Тілшілер кешегі күні Қырғызстанның екінші үлкен қаласы - Ошта оппозицияның қолдаушылары мен полиция біріккен бақылау орнатты деп хабарлайды.
XS
SM
MD
LG