Accessibility links

Американдық шахмат чемпионы Исландия азаматтығын алды


Жапон баспасөзі Жапония үкіметі Америка Құрама Штаттарынан қашып жүрген американдық шахмат чемпионы Бобби Фишерге Исландияға баруға рұқсат береді деп хабарлады. Бобби Фишер Жапонияда былтыр шілде айында ұсталған. АҚШ үкіметі Бобби Фишер бұрынғы Югославияға қарсы еңгізілген экономикалық шектеуді бұзып, Югославияда шахмат чемпионатына қатысты деп оған іздеу жариялаған болатын. Исландия парламенті Фишерге дүйсенбі күні азаматтық берді. Фишер Исландияда 1972 жылы совет чемпионы Борис Спасскийді жеңген болатын.
XS
SM
MD
LG