Accessibility links

Қырғызстанда наразылық танытушыларға қарсы күш қолданылмақ


Қырғызстанның жаңадан тағайындалған ішкі істер министрі Кенешбек Дюшебаев елде тәртіпті қалпына келтіру үшін полиция күш қолдануы мүмкін деп мәлімдеді. Заң күш қолдануға, арнайы жабдықтарды, қару жарақты қолдануға мүмкіншілік береді, заңды сақтайтын наразылық танытушылар жапа шекпейді, - деді жаңа ішкі істер министрі. Бишкекте полиция бүгін оппозициялық демонстрацияны күшпен тарқатты, ондаған азаматты қамауға алды. Парламенттік сайлау әділ өтпеді деген наразылық танытушылар Ошта, Жалалабадта және бірнеше ауданда әкімшіліктерді ұстап отыр.
XS
SM
MD
LG