Accessibility links

Қырғызстандағы оппозиция президент сарайын, үкімет ғимараты және мемлекеттік теледидарды басып алды.


БІШКЕК. Бүгін мыңдаған ереуілші елде өткен парламенттік сайлауларға наразылық білдіріп, Қырғызстан астанасы Бішкекте шеруге шықты. Наразылық білдірушілер Қырғыз президенті Асқар Ақаевтың биліктен кетуін және сайлауды қайта өткізуді талап етіп отыр.

Хабарланғанындай, ереуілшілер Бішкектегі президент сарайы мен үкімет ғимаратын басып алып отыр. Бірақ, Ақаев қай жерде екені белгісіз.

Хабарларға қарағанда, ереуілшілер сондай-ақ Қырғызстанның мемлекеттік теледидары мен радиосын да басып алды. Қазіргі кезде оппозиция өкілдері наразылық акцияларды теледидар арқылы беріп жатыр.

Оппозиция жетекшілерінің бірі, бұрынғы премьер министр Құрманбек Бакиев елде сайлауларды қайтадан өткізуді уәде берді. Бакиев құқық қорғау органдарды наразылық акцияларға қосылуға шақырып отыр.

Расталмаған хабарларға қарағанда, оппозиция өкілдері түрмеде отырған оппозиция жетекшісі Феликс Куловтың босатып алды. Қырғыз оппозициясының жетекшісі Топчубек Турғуналиев Ақ үйді қоршап алған қолдаушыларына елде жаңа үкімет құрылады деді. Сондай-ақ Қырғызстанның Жалалабад, Ош және басқа қалаларында да наразылық акциялар жалғасуда.
XS
SM
MD
LG