Accessibility links

Суданға 10 мың бітімгершілік әскері жіберілетін болды.


БҰҰ-ың Қауіпсзідік кеңесі оңтүстік Суданға бейбіт күштер жасағын жіберуге рұхсат ету жөніндегі шешімге бірауыздан дауыс берді. Бұл жобаны ұсынған АҚШ болатын. Бейбіт күштер Суданның оңтүстігіндегі көтерілісшілер мен үкімет арасында 21 жылға жалғасқан азаматтық соғыстың тоқтауына ықпал еткен, қаңтар айындағы шешімдердің орындалуын қадағалайтын болады.

Соғыс жылдарында шамамен 1,5 миллиондай адам опат болып, тағы төрт миллион тұрғын өз мекендерінен қашып кетуге мәжбүр болған. Соғыс қылмыскерлерін қайда сотқа тарту жөнінде Қауіпсіздік кеңесі талқылаулар өткізетін болады. Күдіктелген соғыс қылмыскерлерін Халықаралық сотқа тарту жөніндегі Францияның шешімі алдағы сәрсенбіде дауысқа салынады, бұндай ұйғарымға АҚШ қарсылық білдірген еді.
XS
SM
MD
LG