Accessibility links

Халықаралық қауымдастық Қырғызстан жағдайына алаңдаушылық танытуда


АҚШ-ы Қырғызстанда орын алып жатқан оқиғаларға қатысты алаңдаушылық білдіріп, елде тұратқылықтың орнауына мүдделілік танытты. Мемлекеттік департамент өкілі Адам Ерели кеше Вашингтонда баспасөз-мәслихатында былай деп атап көрсетті:

- Қырғыз халқы оқиғаның дамуын қолдарына алып, өздерінің ұлттық және саяси болашақтарын анықтау барысында бейбітшілікпен, шыдамдылықпен тікелей тілдесулер арқылы шешуге тырысып, келіспеушіліктерді заңдық нормалар негізінде реттеуге ұмтылғаны керек.

Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы төрағасының Орта Азиядағы жеке өкілі Алоиз Петерли Қырғызстанның барлық оппозиция күштерін қалыптасқан саяси дағдарысты бейбіт жолмен шешуге шақырды. Ал Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Лавров Қырғызстандағы толқулар үшін ішінара ОБСЕ жауапты деп мәлімдеді.

Ресей Думасының спикері Борис Грызлов Қырғызстан ісіне сырттан кез-келген араласудың жайсыз екендігін, оның құп алынбайтындығын атап көрсеткен. Нью-Йоркта БҰҰ-ң Бас хатшысы Кофи Аннан Қырғызстанда тыныштыққа шақырды.
XS
SM
MD
LG