Accessibility links

Қырғыз оппозиция жетекшілерінің бірі Құрманбек Бакиевтың айтуынша, таратылатын парламент Бакиевті елдің уақытша президенті және бас премьері етіп тағайындады.


БІШКЕК. Бүгін Бішкекте жиналған қолдаушыларының алдында Бакиев жаңа үкімет құрып, 3 ай ішінде қайтадан сайлау өткіземіз деді.

Бейсенбі күні болса депутаттар Бакиевті тек қана үкімет басшысы етіп бекіткен болатын. Ал, бұған дейін A.Ақаевтың орнына уақытша президент етіп Ишенбай Қадырбеков тағайындалды деген хабар түскен-ді. Ақаевтың өзі қайда екені белгісіз. Кеше Вашингтонда баспасөз-мәслихатын өткізген Қырғызстанның АҚШ-ғы елшісі Бақтыбек Әбдірассаев президент Ақаев қазір қауіпсіз жерде деп мәлімдеме жасады. Парламент сондай-ақ кеше ереуілшілер түрмеден босатып алған Феликс Куловты Ұлттық қауіпсіздік директоры етіп тағайындады.

Кеше Қырғызстан Жоғарғы соты елде толқулар туғызған даулы парламент сайлауының нәтижесі жарамсыз деп табылсын деген шешім шығарды. Бұл шаралардың барлығы да бірнеше апталардан бері жалғасып жатқан шерулер шарықтау шегіне жетіп, бейсенбіде ереуілшілер Бішкектегі үкімет үйін басып алған соң қабылданды.

Наразылық танытушылар мемлекеттік теледидар мен радионы да қолдарына алған. Қырғыз мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, кеше елде болған толқулардан 3 адам қаза болып, 170-тен астам адам жарақат алып емханаларға жеткізілген.
XS
SM
MD
LG