Accessibility links

Ливан шенеуніктері Рафиқ Харири өлімін зерттеуді халықаралық тергеуге беретіндіктерін айтты


İшкі істер министрі Махмұд Хаммоуд бізді шындыққа апаратын барлық шарттарды қабылдаймыз, жасырып-жабатын ешнәрсеміз жоқ деп атап көрсеткен.

Бір күн бұрынғы БҰҰ-ң хабарламасында Ливан үкіметінің Рафиқ Хариридің өлімін зерттеуде кемішіліктер жібергендігі айтылып, бұрынғы үкіметбасымен бірге тағы14 адамның өмірін алып кеткен бұл оқиғаға тәуелсіз тексеру жүргізілсін деген ұсыныс жасалған еді. БҰҰ-ғы Британия елшісі Эмир Джонс Парри Қауіпсіздік кеңесі бұл ұсынысты қолдайды ғой деген үмітін білдірген.

Жұма күнгі хабарларға қарағанда Сирия әскерлері Ливан жеріндегі бірнеше бекеттерін көшіре бастаған. Харири өлімінен кейін Ливандағы жасақтарын алып кетсін деп халықаралық қауымдастық Сирияға қысымды күшейте түскен болатын.
XS
SM
MD
LG