Accessibility links

Бішкекте жағдай қалыпқа түсіп келеді


Қырғыз астанасында оппозиция қолдаушыларының күшімен билік өзгергеннен бері екінші күннің таңы атты. Енді қоғамдық тәртіпті қалпына келтірушілер полициямен бірге өліара кезеңде қолға түскенді тонап кетуге дайын ойрандаушыларға қарсы күресуде. Бішкектен "Азаттық" радиосының тілшісі Жан Кристоф Пок ондағы жағдай біртіндеп қалыпқа түсіп келеді деп хабарлады:

- Полиция қаланың бірқатар аймағында бақылауды өз қолына алған сияқты, бірнеше полиция машинасы көшелерде бақылау жасап жүр. Жағдай қалыпты арнасына түсіп келе жатқаны байқалады.

Кей сәттерде жағдайды реттеушілердің аспанға атқан оқтарының да даусы естіліп қалады. Өз мүліктерін, дүкендері мен кеңселерін сақтау үшін таяқтармен қаруланып алғандар да баршылық. Бейсенбінің түнінде тонауға түскен Орталық универмагты еріктілер мен полиция күзетке алған, қарақшылардан сау қалғандары күндіз жабық тұрды.

Жұма күні ертемен таратылатын парламент бейсенбінің түнінде орын алған оқиғаларды талқылағанымен, тоқетер шешімге келе алған жоқ. Көптеген елдер Қырғызстанда тыныштық орнауына шақырып жатыр. Билік өкілдерінің айтуынша, бейсенбіде Бішкекта үш адам опат болған.
XS
SM
MD
LG