Accessibility links

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қырғызстандағы саяси ахуалды “өте күрделі” деп бағалады


БІШКЕК: Алдағы күндері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, оның бағалауынша, Қырғызстандағы “өте күрделі” саяси дағдарысты шешу үшін көмекке заңгер сарапшыларын жібермекші. Ол жайында Еуропалық ұйымның Бас хатшысы Ян Кубиштің жексенбіде Бішкекте Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бакиевпен елдегі конституциялық және заңнамалық проблемаларды талдауынан кейін аталмыш ұйымның Орта Азиядағы өкілі Алойз Петерле хабарлады. Оның пікірінше, жаңа сайланған қырғыз парламентінің заңды-заңсыздығын анықтау үшін саяси диалог керек: “Менің білетінім: заңды-заңсыздықты анықтау үшін “саяси диалог” керек. Және, әлбетте, пікірлер соншалықты алшақ болса, онда саяси проблема ғана емес, техникалық проблема да бар деп айтар едім”.
XS
SM
MD
LG