Қарулы адамдар Бағдаттың Дура ауданы полиция басшысы полковник Абдул Кәрім Фахидті өлтірген болатын. Сондай-ақ, жол шетінде олардың ұйымдастырған бомба жарылысынан полиция қызметкері мен көше сыпырушы да мерт болған. Ал, Ирақтың Ұлттық Ассамблеясы сейсенбі күні кездесуге жиналмақшы. Сондай-ақ, Парламент өз басшысын таңдауы тиіс. Дей тұрғанмен, шииттер басым келетін Біріккен Ирақ одағы мен Күрд саяси басшылары арасында келісімнің болғанын растайтын хабар әзіге болмай тұр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Алаштың" алғашқы қадамы. Қамаудан шыққандар қайта қамалды