Accessibility links

Қырғызстанның жаңа Парламенті Бакиев мырзаны өкімет басшысы ретінде мақұлдады


Парламент басшысы Өмірбек Текебаев бұған дейін “Құрманбек Бакиевтің уақытша елбасы және өкімет басшысы ретінде тағайындалуы заңды деген шешімді депутаттар қабылдауы тиіс” деген болатын.

- Екіншіден, тұтас қоғам, оның ішінде уақытша басшылық жаңадан сайланған Қырғыз Парламентін заңды деп мойындауы тиіс. Сонда ғана қалыптасып отырған дағдарыстан шығуға мүмкіндік бар, - деді Ө.Текебаев.

Бұдан бұрын қос Парламент арасындағы заңдылық үшін айтыстар тұсында төраға мырза «Бакиевтің бұл сайлануы конституцияға қайшы келгенімен, билікті оппозиция тарапы өз қолына алған алғашқы сәттерде, қалыптасқан жағдайға орай жасалған қадам еді» деген пікірін айтқан болатын. Төраға Ө.Текебаев жаңа президент сайлауын ұйымдастыру тек Асқар Ақаевпен сөйлескеннен кейін ғана мүмкін болады деп отыр.
XS
SM
MD
LG