“Жас Алаш” басылымында жарық көрген Шадияр Естемірұлының талдау мақаласында Қырғызстандағы болған оқиғалардың Қазақстанның қазіргі уақыттағы билігін қатты үркітіп тастағандығы туралы айтылыпты. Өз сөздеріне дәлел ретінде мақала авторы Қырғызстандағы орын алған төңкерістен кейін, мемлекеттік телеарналардың Мемлекет басшысының ұстанған саяси бағытының дұрыстығын сағат сайын дәріптей бастауы мен билік жағындағы Аграрлық және Азаматтық партияларының жасаған мәлімдемелерін мысалға келтіріпті.
Оқиғаның қысқаша тарихына тоқталатын болсақ, Ақаевтың тақтан кетіп, бас сауғалауына мәжбүр еткен Қырғызстандағы халықтық толқудан соң, іле-шала Аграрлық және Азаматтық партия “халықтық-демократиялық майдан” деген атпен ұйым құрғанын жариялап тастаған еді. Олардың айтуынша, майданның мақсаты – Қазақстанда түрлі-түсті төңкерістердің болуына жол бермеу.
Газет тілшісінің айтуынша, бұл үшін олар қолына қару алуға дайын екендігін де мәлімдепті. Ресейдің “Независимая газета” басылымының бұл партиялар Президент әкімшілігімен келіспейінше, өздігінен ешқандай мәлімдеме жасай алмайды деген пікірін мысалға келтіре отырып, мақала авторы шын мәнісінде бұл аты аталған екі партияның емес, ресми Астананың ұстанымы деген қорытынды жасапты. Мақалада келтірілген деректерге сүйенсек, бірқатар ресейлік ақпарат көздері Аграрлық және Азаматтық партиялардың мәлімдемесіне орай Қазақстанда азаматтық соғыс басталып кетуі мүмкін деген тақырыппен материалдар жариялай бастапты.
Бұл тақырыпқа айрықша назар аударған “Айқын” басылымында “Қазақстанға халықтық-демократиялық майдан қаншалықты қажет” деген Берік Бейсенұлының мақаласы жарық көріпті. Мақалада осы мәселеге қатысты бұл бастаманы көтерген екі партия басшысының және тағы да басқа саяси қайраткерлердің пікірі беріліпті.
Аграрлық партияның басшысы Роман Мадиновтың айтуынша, бұл “майдан” өз кезегінде Конституцияға қарсы қандай да бір тәртіпсіздіктер орын алса оған қарсы тұра алады. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, Аграрлық партия төрағасының орынбасары Владимир Челышев “керек болатын болса қару алып қорғаймыз” деген көрінеді.
Осыған орай мақала авторы Азаматтық және Аграрлық партия Қырғызстандағы халықтың толқуынан қорқып, алдына-ала елді үркіту үшін осындай шараларға барып отыр деген қорытынды жасапты.
“Егемен Қазақстан” басылымында Қырғызстандағы орын алған оқиғалардың Қазақстанда қайталануы мүмкін еместігі туралы мақалалар топтамасы ұйымдастырылыпты.
Мәжіліс депутаты Серік Қонақбаев “Литер” басылымына берген сұхбатында Қазақстанда төңкеріс болатындай ешқандай да алғышарттардың жоқ екендігіне өз тарапынан түрлі дәлелдер келтіріпті. “Қырғызстандағы жаппай белең алған кедейшілікпен салыстырғанда, Қазақстанда тұратын халықтық әл-ауқаты әлдеқайда жоғары. Екіншіден көрші Қырғызстанмен салыстырғанда Қазақстанда өте күшті және көпсөзділіктен гөрі нақты шараулармен айналысып жатқан өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын билік бар. Үшіншіден Қазақстан Президенті қарапайым халықтың жақсы өмір сүруіне жағдай жасауы үшін күресіп жатыр” дейді мәжіліс депутаты Серік Қонақбаев.
“Экспресс К” газетіне берген сұхбатында Қырғызстан Республикасының бас прокуроры Әзімбек Бекназаров Қырғызстандағы төңкерісті Грузия немесе Украинадағы жағдаймен салыстырудың қажеті жоқ екендігіне тоқталыпты. Оның айтуынша, қырғыз халқының Асқар Ақаевқа қарсы наразылығы 2002 жылы басталған. Сондай-ақ ол өз сұхбатында Қырғызстандағы төңкеріс кезінде тонаушылықпен айналысқан азаматтардың жауапқа тартылатындығын да тілге тиек етіпті. Әзімбек Бекназаров қырғыздар мен қазақтар арасындағы қарым-қатынастың жақсара беретіндігене сенімді екендігін білдіріпті.
“Казахстанская правда” басылымы болса Қырғызстандағы ахуалдың күрделі күйде қалып отырғандығын хабарлапты. Мақала авторының айтуынша қазіргі уақытта Қырғызстанда екі президент және екі парламент пайда болды. Сондай-ақ Асқар Ақаевтың өкілдігі үстіміздегі жылдың қазан айында ғана аяқталады.
Алайда жаңа парламент келіссөз барысында Асқар Ақаевты мерзімінен бұрын отставкаға кетуіне көндіруге болатындығына үміт артып отыр. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, жексенбі күні кейбір халықаралық ақпарат агенттіктері Асқар Ақаевтың Ресейде екендігі және электрондық пошта арқылы халыққа мәлімдеме жасағандығы туралы ақпарат таратқан.
Өз мәлімдемесінде Асқар Ақаев оппозицияға қарсы күш қолдануға бармауы арқылы азаматтық соғысқа жол бермегендігін мәлімдепті. Сондай-ақ Асқар Ақаев өз мәлімдемесінде алдағы уақытта да қырғыздардың азаматтық және адамдық құқығын қорғау үшін бар күшін салатындығын айтыпты.