БУХАРЕСТ: Румыния президенті Траян Басеску дүйсенбі күні Ирақта экстремистердің 3 румын журналисін ұрлап алып кеткенін хабарлады. Жексенбі күні Ираққа барған сапарынан кейін Румынияның TVR1 телеарнасына берген сұхбатында ол “Прима” телекомпаниясының 2 журналисі мен “Либера” газетінің 1 тілшісінің жоғалғанын хабарлады. Олар Румынияға Бағдадтан хабар беру үшін сапарға барған. Не Т.Басеску, не TVR1 телекомпаниясы оларды қалай ұрлап алып кеткені жайында басқа дерек айта алмады. Өткен жылы Ирақта 150-ден астам шетелдік азамат ұрланып, көбісі келіссөз нәтижесінде немесе құн төленіп болсатылса, үштен бірі қаза болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?