Accessibility links

Израиль – Палестинамен аралдағы тексеру-өткізу өткелдерін түгел ашты


ТЕЛЬ-АВИВ: Кеше Израиль парламенті Газа аймағындағы еврей қоныстарын түгел және Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврей қоныстарының бір бөлігін көшіру туралы мәселені референдумға шығарудан бас тартты. Референдум өткізу - жаз айларына белгіленген көшіру жұмысын бірнеше айға кідіртуі мүмкін еді. Кеше еврейлердің “Пурим” мерекесінің аяқталуын іле-шала Израиль - Палестинамен арадағы тексеру-өткізу өткелдерін түгел қайта ашып, ондаған мың палестиндікке Израильде жұмыс істеуіне рұқсат берді.
XS
SM
MD
LG