Accessibility links

Қ.Бәкиев (Қырғызстан): “Қырғызстанның жаңа билігі халықаралық қоғамның қолдауына ие болды”


БІШКЕК: Қырғызстан премьер-министрінің міндетін атқарушы Құрманбек Бакиевтің мәлімдеуінше, елдің жаңа билігі халықаралық қоғамның қолдауына ие болды. Дүйсенбі күні жаңа сайланған парламент алдында ол Ресей, Қазақстан және Өзбекстан президенттері В.Путин, Н.Назарбаев және И.Кәрімовпен әңгімескенін хабарлады. Үшеуі де, Қ.Бәкиевтің мәлімдеуінше, Қырғызстанға көмек беруге әзірліктерін бірауыздан мәлімдеген. Ресми Вашингтон да егер Қ.Бәкиевтің үкіметі өз елінің конституциясына сәйкес іс атқаратын болса, онымен жұмыс істейтінін мәлімдеді. Кеше мемлекеттік департаменттің өкілі Адам Эрели мәлімдегендей, Қ.Бәкиев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өкілімен және Бішкектегі АҚШ елшісімен кездесіп үлгерген.
XS
SM
MD
LG