ДЖАКАРТА: Индонезияның Суматра аралы жағалауында дүйсенбі күні кешке қарай болған қуатты жер сілкінісінен Ниас аралында 2 мыңға жуық халық қаза болғанын хабарлады. Бұл жергілікті үкіметтің бастапқы есебі. Құрбан болғандар қираған баспана-ғимараттардың астында қалды. Зілзаланың қуаты Рихтер өлшемі бойынша 8.7 балға жеткен. Шығыс Азия елдері бұл зілзала өткен желтоқсан айындағы жер сілкінісіндей орасан зор цунами толқынын туғыза ма деп дабыл қағып, Индонезия, тайланд, Үндістан және Шри-Ланкада мыңдаған халық дүрлігіп көшеге шықты. Желтоқсан айындағы табиғат апатынан 300 мыңға жуық халық қырылды немесе хабарсыз кетті.
Оңтүстік Азиядағы қуатты жер сілкінісінен Индонезияның Ниас аралында 2 мыңға жуық халық қаза болды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?