Accessibility links

Ирақта болған үш румын журналисінен кешеден бері еш хабар жоқ


Румыния ресмилері Ирақта үш румын журналисі жоғалып кеткендігін айтып, олар қолға түскен болу керек деп мәлімдеді. Ауғанстан мен Ирақтағы екі күндік сапарында өз жасақтарын аралап жүрген Румыния президенті Траиан Базеску үкімет жоғалған журналистерді табу үшін, қолдан келгеннің бәрін де жасайтын болады деп айтты.

Румыния үкіметбасының айтуынша, журналистердің не үшін ұсталғаны белгісіз, егер біреулер алып кеткен болса да, олардан әзірге ешқандай талап түскен жоқ деген. Румынияның Ирақта 800-дей, ал Ауғанстанда 500-дей әскері бар.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG