Accessibility links

Бүгін Ирақтың саяси қайраткерлері Ұлттық ассамблеяның бірінші сессиясын бірнеше сағат кешіктіріп барып ашты


Ресмилер сайлаудан бері екі ай өтсе де, жаңа үкімет құрамын жасақтауда бір мәмлеге келе алмай отырғандықтарын айтады. Ең көп орынға ие болған шиитердің Ислам одағы мен екінші орындағы күрдтер жаңа үкіметтегі орындар мен оның принциптері турасында пікір таластырған.

Ресмилер бүгін ең кемінде парламент спикері мен оның екі орынбасары тағайындалатын шығар деген үмітте. Шииттер мен күрдтер спикерлікке сүнниттер азшылығының өкілін ұсынған болатын, алайда олар өздерінің лайықты кандидаттарын атай алмай отыр. Уақытша президент, сунниттер өкілі Ғази әл-Яуар спикерлік ұсыныстан бас тартты, оның орнына ол елдегі екі вице-президенттік қызметтің бірінен үміткер.

Саддам Хуссеин билігі кезінде азшылық болып табылатын сунниттер билік тұтқаларының басым көпшілігінде отырған.
XS
SM
MD
LG