Бішкек. Қырғыз заң шығарушылары бүгін ескі парламент пен жаңа парламент арасындағы теке-тіресті аяқтап, жұмыс істеуге жалғыз палаталы жаңа парламентті қалдырды. Қос парламент арасында билік үшін талас өткен бейсенбіден бері жалғасқан болатын.
Ескі парламентттің төменгі палатасы кеше тараған соң, бүгін жоғарғы палата да осындай шешімге келіп, өзін-өзі таратты. Ескі парламент премьер-министр етіп тағайындаған Құрманбек Бакиевтің кандидатурасын дүйсенбі күні жаңа парламент те мойындады. Бакиев сонымен бірге қазіргі мекен-тұрағы қайда екені белгісіз Ақаевтың орнына Қырғызстанның уақытша президенті қызметін де атқаруда.